12 түп қарасора тәркіленді: Өскеменде үй жағдайында жабдықталған фитозертхана анықталды

17.06.2026 19:55

Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізіліп жатыр

Polisia.kz.

"Қарасора – 2026" жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында Шығыс Қазақстан облысында полицейлер есірткі құрамды өсімдіктерді заңсыз өсіру фактісін анықтады, деп хабарлайды деп хабарлайды Almaty.tv

Санкцияланған тінту барысында жедел қызметкерлер пәтердегі жатын бөлмеде құрамында есірткі бар өсімдіктер өсірілгені анықталған. Полицейлер қажетті микроклиматты қамтамасыз етуге арналған арнайы техникалық құрал-жабдықтарды, сондай-ақ арнайы ыдыстарға отырғызылған 12 түп қарасораны тәркіледі. Жауап алу барысында пәтер иесі тұқымдарды 2025 жылдың қараша айында жеке пайдалану мақсатында тапсырыс бергенін айтқан.

Сонымен қатар медициналық куәландыру нәтижесі оның ұсталған сәтте каннабиноидтарды қолдану салдарынан есірткілік масаң күйде болғанын көрсетті. Қазіргі уақытта аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізіліп жатыр. Полиция құрамында есірткі бар өсімдіктерді заңсыз өсіру қылмыстық құқық бұзушылыққа жататынын және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жауапкершілікке әкеп соғатынын ескертеді.

Ақпарат көзі Polisia.kz 

Оқи отырыңыз: Маңғыстау облысында 50 гектар жер мемлекет меншігіне қайтарылды