Маңғыстау облысында 50 гектар жер мемлекет меншігіне қайтарылды

Маңғыстау көлік прокуратурасы әуежай маңындағы аумақта заңсыз берілген жер учаскесін анықтаған

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Маңғыстау облысында кадастрлық құны 870 миллион теңгені құрайтын 50 гектар жер мемлекет меншігіне қайтарылды. Бұл туралы еліміздің Бас көлік прокуратурасы мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty.tv

Ведомствоның мәліметінше, Маңғыстау көлік прокуратурасы әуежай маңындағы аумақта заңсыз берілген жер учаскесін анықтаған. Аталған телім әу баста қатты тұрмыстық қалдықтар полигонын орналастыру үшін бөлініпті. Алайда бұл учаске 10 жылдан астам уақыт бойы мақсатты пайдаланылмаған және жер заңнамасының талаптарына қайшы қараусыз қалған.

«Прокурорлық қадағалау актісі бойынша, кадастрлық құны 870 миллион теңге болатын жер мемлекет меншігіне қайтарылды. Бас көлік прокуратурасы органдары мемлекеттік мүдделерді қорғауды және ұшу қауіпсіздігін қаматасыз ете отырып, әуе маңы аймақтардағы бұзушылықтарды анықтау жұмыстарын жалғастыруда», – деді  ҚР Бас көлік прокуратурасының ресми өкілі Альмира Бекжан.

Оқи отырыңыз: Жаздың соңына дейін еліміздегі жолаушы пойыздары спутниктік интернетпен қамтамасыз етіледі

 

 

 

 

 

 

Новости партнеров