|
27.12.2022 | 12:04
399

Жәрдемақылар мен төлемдер ақпараттық жүйеде бар деректерге негізделіп тағайындалады- Тамара Дүйсенова

Кодекстің жобасы 5 бөлімнен, 19 тараудан және 267 баптан тұрады

Жәрдемақылар мен төлемдер ақпараттық жүйеде бар деректерге негізделіп тағайындалады- Тамара Дүйсенова Pixabay.com

Тамара Дүйсенова Үкімет отырысында ҚР Әлеуметтік кодексінің жобасында көзделген әлеуметтік қамсыздандырудың тиімділігін арттыру жөніндегі шаралар туралы мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне сілтеме жасап.

ЕХӘҚМ басшысы сөз басында Әлеуметтік кодекс жаңа әлеуметтік саясатты құру үшін негіз болатынын, оның басты мақсаты әрбір отбасының әл-ауқатын арттырып, тұрмыс сапасын жақсарту ісінің негізін қалыптастыру екенін атап өтті. Оны іске асыру үшін мемлекет, бизнес және азаматтар арасында жаңа әлеуметтік келісімшарт жасау көзделген.

Әлеуметтік Кодексті әзірлеу кезінде халықаралық тәжірибе мұқият зерделеніп, ЕуроОдақтың Әлеуметтік кодексі басшылыққа алынды, бірақ еліміздің өз ерекшеліктері жан-жақты ескерілді. Кодекстің жобасы 5 бөлімнен, 19 тараудан және 267 баптан тұрады.

«Бұл мемлекеттік органдардың барлық қолданыстағы ақпараттық жүйесінің дерегі негізінде қалыптастырылатын Отбасының цифрлық картасы (бұдан әрі – ОЦК). Оны енгізудің басты мақсаты қазақстандықтардың мемлекеттік қолдау жүйесіне тең қолжетімділігін қамтамасыз ету болып табылады. Сондықтан Кодексте біз ОЦК-ны әлеуметтік саясаттың орта және ұзақ мерзімді міндеттері мен бағыттарын айқындау құралы ретінде белгіледік. Сондай-ақ, ОЦК адамдарға SMS-хабарламалар жіберу арқылы мемлекеттік қолдаудың қандай түрін алуға құқылы екендігі туралы хабардар ететін электрондық жаршы құралы қызметін атқарады. Жәрдемақылар мен төлемдер ақпараттық жүйеде бар дерек негізінде проактивті форматта тағайындалатын болады», – деді министр.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир