Түркістан облысында әскери қызметкер 13 жасар қызды зорлаған

Түркістан облысында әскери қызметкер 13 жасар қызды зорлаған
Әскери азғын 10 жылға қамалды
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Түркістан облысында 13 жасар қызды зорлаған әскери қызметкер 10 жылға бас бостандығынан айрылды. Бұл туралы белгілі заңгер әрі блогер Айгүл Орынбек өзінің Instagram-парақшасында жазған.

«Он үш жасар қызды зорлаған әскери азғын он жылға қамалды. Іс барынша бұрмаланғанымен, сот әділ төрелігін берді. Ия, баланың балалығы ерте ұрланды, қызғалдақтай құлпырып келе жатқан гүліміз ашылмай жатып солды. Еліміздің қауіпсіздігін қамтамасыз етеді деп жүрген азамат қызды зорлап жүрген. Оның бәрі сотта дәлелденіп шықты. Ол оңбаған он жыл отырып шығар, ал үлкен өмірге әлі қадам басып көрмеген қыздың тағдыры не болады? Жүрегіне, психикасына салынған травмадан өмір бақи құтыла алмайды. Қыздарымызға абай болайық, аналар», - дей келе, блогер қыздың ата-анасының өзіне білдірген алғысын да жариялаған.

Осы орайда, Айгүл Орынбектің өзіне хабарласып, мәселенің мән-жайын сұрастырған едік.

«Оқиға Түркістан облысында болған. Мен заңгер ретінде өз құқығын біле бермейтін жандарға қолдау көрсеттім. Істі жүргізуге кеңес бердім. Өзім қорғаушы жалдап көмек көрсеттім. Еліміздің бас прокуратурасына хабарласып, қылмыстық істің дұрыс тергеп-тексерілуін талап еттім. Кейін қызға мемлекет тарапынан тегін қорғаушы берілді», - дейді ол.


Новости партнеров