Қазақстан Ұлттық банкі тозған банкноттар мен зақымдалған монеталар заңды төлем құралы болып қала беретінін ескертеді. Оларды екінші деңгейлі барлық банкте, ҚР ҰБ филиалдарында және ұлттық пошта операторы «Қазпошта» АҚ-да номиналды құнына сай айырбастауға болады, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі DKNews.kz-ке сілтеме жасап.
Ұлттық валютаның зақымдалған төлем ақша белгілері ҚР ҰБ бөлімшелерінде тегін айырбасталады және сомасына шектеу қойылмайды. Дегенмен екінші деңгейлі банктер өздерінің ішкі нормативтік құжаттарына сәйкес, қызметтің бұл түріне комиссия ұстауға құқылы екенін ескертеді.
ҚР ҰБ бөлімшелерінің мекен-жайы мен байланыс деректерін ресми сайттағы «Аумақтық филиалдар» бөлімінен табуға болады.
Оқи отырыңыз: Алматыда жалған полицейлер адам тонаған