«18 жасқа дейін тұрады»: Ержан Максим Лондоннан шақырту алды

«18 жасқа дейін тұрады»: Ержан Максим Лондоннан шақырту алды
Ержанның «Юнайтедпен» келісімшарты бар
Жаңалықтармен бөлісіңіз

«Голос Дети» байқауының финалисі Ержан Максимге Лондоннан хабарласып, ұсыныс жасап жатыр, деп хабарлайды Stan.kz тілшісі Talklike бағдарламасына сілтеме жасап.

Қазіргі таңда Ержан Максимге көптеген ұсыныс түсіп жатқан көрінеді. Анасының айтуынша, бұл ұсыныстар Ержанның білім алуына кері әсерін тигізіп жатыр екен. Себебі Ержан байқау үшін сабақтан көп қалған. Сондықтан олар Лонданнан түскен ұсынысқа әлі жауап бермеген.

«Лондондағы «Х-фактор» жобасына шақырып жатыр. Қазір отбасымызбен осы жайлы ақылдасып жатырмыз. Ержан сабақтан көп қалып қойды. Оған қоса, ұлым ағылшын тілін үйрену керек», - деп айтты әншінің анасы Гүлмира Әлібек.

«Х-фактор» жобасына шақырылған Ержан әуелі музыкалық білімін жетілдірмек. Алдағы уақытта ол кәсіби білім алу үшін музыкалық мектепке тапсырып, оқуын жалғастырмақ.

Әзірге Ержанның «Юнайтедпен» келісімшарты бар. Соған сәйкес, финалистер турға аттануы керек. Әншінің әлі кішкентай екенін айтқан анасы, оның 18 жасқа дейін елде қалатынын жеткізді.


Новости партнеров