|
04.05.2019 | 12:28
2117

Елшіліктегі той: қазақстандық студенттер Норвегияда некесін қидырды

Қазақстанның Норвегиядағы елшілігінің консулдық есебінде 119 қазақстандық азамат тұр

Елшіліктегі той: қазақстандық студенттер Норвегияда некесін қидырды

Қазақстанның Норвегиядағы дипломатиялық өкілдігінде ерекше оқиға – неке қию рәсімі өтті

Норвегия оңтүстік-шығыс университетінің докторанты Елжас Жақсылық пен Испаниядағы Gijon университетінің магистранты Әсел Елубаева заңды түрде некесін қидырды. Қуанышты хабармен Қазақстанның Норвегиядағы елшілігі Facebook парақшасында бөлісті, деп хабарлайды Спутник.кз.

Олар Алматыда Қазақстан-Британ техникалық университетінде оқып жүрген кезде танысыпты. Жас жұбайлардың неке қию рәсіміне олардың Ослодағы достары келген.

Неке қию куәлігін Қазақстанның Норвегиядағы төтенше және өкілетті елшісі Еркін Ақынжанов табыстады. Елші Ослоға жақында ғана келген. Ол Харальд V Норвегия короліне сенім грамотасын табыстайтын болады.  

«Жастар елшілікке бір ай бұрын өтініш тапсырып, қажетті құжаттарды ұсынды. Бұл – біздің елшілігімізде тіркелген бірінші неке. Әрине, дипломатиялық миссия үшін бұл үлкен мереке», - деді елшілік консулы Азат Мәтенов.

Қазақстан консулдықтарында бала туу туралы куәлік, төлқұжат пен Қазақстан азаматтығын алу сынды қызмет ұсынады. Сондай-ақ, консулдық-құқықтық көмектер көрсетіледі.

Мәтеновтың айтуынша, Қазақстанның Норвегиядағы елшілігінің консулдық есебінде 119 қазақстандық азамат тұр. Олардың көбі – мұнай компанияларында қызмет ететін жоғары білікті мамандар.


Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир