Елімізде зейнетақы, жәрдемақы мен атаулы әлеуметтік көмек мөлшері 10 пайызға артады

kt.kz
kt.kz
Бұл туралы ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына жасаған кезекті мәлімдемесінде айтты
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Елімізде зейнетақы, мемлекеттік жәрдемақы мен атаулы әлеуметтік көмек мөлшері 10 пайызға артады. Бұл туралы ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына жасаған кезекті мәлімдемесінде айтты, деп хабарлайды Almaty.tv

Мұндай төлемдерді индексациялау елдегі инфляцияның артуына байланысты қабылданған. Сондай-ақ, жағдайдың ушығуын ескерген мемлекет басшысы халықты қолдауға қосымша қаржы беруге шешім шығарды. Осыған орай, зейнеткерлердің, жәрдемақы мен атаулы әлеуметтік көмек алатын адамдардың табысын арттыру үшін қазынадан 200 миллиард теңгеден астам қаражат бөлінбек.

«Инфляцияның артуына байланысты зейнетақы, мемлекеттік жәрдемақы және атаулы әлеуметтік көмек мөлшерін 10 пайызға индексациялауды тапсырдым. Осыған орай, аталған санаттағы азаматтардың табысын арттыру үшін мемлекет тарапынан 200 миллиард теңгеден астам қаражат  бөлінеді», – деді ҚP Президенті Қасым-Жомарт ТОҚАЕВ.

Новости партнеров