Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқын Жеңіс күнімен құттықтады

Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқын Жеңіс күнімен құттықтады
Бүгін Кеңес Одағы елдерінің фашизмді жеңген күні
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Бүгін Ұлы Жеңіс мерекесіне 74 жыл толып отыр. 1945 жылы 9 мамырда Кеңес Одағы елдері Екінші Дүниежүзілік соғыста жеңіске жетіп, фашизмнің тамырына балта шапқан болатын. Қан майданда мыңдаған қазақ қаза тапты.

Айтулы датаға орай Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарды Жеңіс күнімен құттықтады.

Қымбатты отандастар!

Сіздерді Жеңіс күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Баршамыз үшін бұл мерекенің маңызы ерекше.

Халқымыз Ұлы жеңіске өлшеусіз үлес қосты. Отандастарымыз майдан даласында ерлікпен шайқасып, олардың жартысынан жуығы елге қайтып оралмады. Жауынгерлеріміздің батырлығы мен қайтпас қайсарлығы Жер бетінде бейбітшілік пен тыныштықты сақтауға мүмкіндік берді.

Тыл еңбеккерлерінің жанкештілігінің арқасында Қазақстан майдан даласына орасан зор көмек көрсетті. Соғыс жылдары елімізге жүздеген зауыттар мен фабрикалар көшірілді. Майданға мыңдаған вагон

киім-кешек пен азық-түлік жіберілді.

Аға буынның теңдессіз ерлігін құрметтеп, зұлмат соғыстың зардаптарын ұмытпау – біздің қастерлі борышымыз.

Барлық ардагерлер мен тыл еңбеккерлеріне зор денсаулық, ұзақ ғұмыр тілеймін!

Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын!

Новости партнеров