ДДСҰ басшысы Жүрсін Ерманды мерейтойымен құттықтады

кадр видео
кадр видео
Белгілі тұлғаның жиені эфиопиялыққа осыдан 4 жыл бұрын тұрмысқа шыққан
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Танымал ақын, айтыс жүргізушісі Жүрсін Ерман Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының директоры Тедрос Аданом Гебрейесуспен құда болды. Белгілі тұлғаның жиені эфиопиялыққа осыдан 4 жыл бұрын тұрмысқа шыққан екен, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі exk.kz-ке сілтеме жасап.

Әлеуметтік желіде танымал ақын Жүрсін Ерманды мерейтойымен құттықтап, сәлем жолдаған ДДСҰ директоры Тедрос Аданом Гебрейесустің видеосы қызу талқыланып жатыр.

Сөйтсек, қазақша шапан киіп, қазақ тілінде тілегін білдірген ДДСҰ директоры Жүрсін Ерманның туған құдасы болып шықты. Танымал ақынның жиені эфиопиялық азаматқа осыдан 4 жыл бұрын тұрмысқа шыққан екен.

"Тедрос Аданом Гебрейесустің баласы менің қызымның Айдана деген қызын алып отыр. Немерем ғой. Ардақ деген кіші қызымның қызы. Швейцарияда академия, Испанияда магистратура бітірген. Бір баласы бар, өздері үйге келіп кеткен. Анау сСонда кигізген шапан ғой. Соны киіп, қазақша шамасы келгенше сөйлеп, өлеңімді оқып отыр. Рахмет. Кімнің қызы қайда шықпай жатыр? Менің қызым ДДСҰ бас директорына келін болып барып, оны қазақша сөйлетіп отырса, мен оған неге қуанбаймын?" – дейді Жүрсін Ерман.

Новости партнеров