Бұған дейін Қазақстанның 13 жоғары оқу орынында тексеріс жүріп, 5 жоғары оқу орнынан олқылықтар табылған еді. Тағы да 12 жоғары оқу орындарына айыппұл салынып, бір университеттің ісі сотқа жолданған болатын, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.
Нәтижесінде еліміздің Білім және ғылым министрлігі - Шымкент аймақтық әлеуметтік-инновациялық университеті, Павлодар Инновациялық Еуразиялық университеті, «Алматы» университеті, Өскемен қаласындағы Қазақстан-Американдық еркін университеті және Ақтөбедегі Қазақстан-Ресей халықаралық университеттерінің лицензияларын 1 айға тоқтатты.
Білім министрлігінің басшысы Асхат Аймағамбетовтың мәлімдеуінше осы 5 жоғары оқу орнында заң бұзушылықтар бірінші рет орын алмаған. Қазіргі таңда Білім министрлігіне жоғары оқу орындары лицензияларын өз бетінше қайтарып алу құқығын беретін норма қарастырылуда.