Назарбаев бюджеттік саладағы қызметкерлердің жалақысын 30 пайызға өсіруді тапсырды

Назарбаев бюджеттік саладағы қызметкерлердің жалақысын 30 пайызға өсіруді тапсырды
Оның ішінде, аудандық деңгейдегі атқарушы орган қызметкерлерінің жалақысы 25 пайызға көбейеді
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев 1 шілдеден бастап бюджет саласындағы жалақысы төмен қызметкерлердің еңбекақысын 30 пайызға көбейтуді тапсырды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

«Осы жылдың 1 шілдесінен бастап бюджет саласының жалақысы төмен қызметкерлерінің айлығын 30 процентке көбейтуді тапсырамын. Сонымен қатар, облыстық, аудандық деңгейдегі атқарушы органдардың лауазымы төмен қызметкерлерінің жалақысын орташа есеппен 25 процентке өсіруді тапсырамын», - деді Назарбаев Астанада өтіп жатқан «Нұр Отан» партиясының сьезінде.

Президенттің айтуынша, бұл мақсатқа 2019-2021 жылдары қосымша 980 миллиард теңге бөлінеді.

«Үкімет барлық шығынды жіті қадағалауы тиіс, бөлініп жатқан қаражат адресатқа жетуі керек. Биыл республикалық бюджеттің барлық шығынының 45 проценті әлеуметтік салаға бағытталады», - деді Елбасы.

Айта кетсек, Астанада Қазақстан президентінің төрағалығымен «Нұр Отан» партиясының XVIII съезі болып жатыр.


Новости партнеров