Жетісу ауданындағы жерасты және жерүсті өткелдері жөндеуден өткізіледі

Сурет: Алматы әкімдігінің баспасөз қызметі
Сурет: Алматы әкімдігінің баспасөз қызметі
Музыкалық жабдықтар мен бейнебақылау жүйесі орнатылды
Жаңалықтармен бөлісіңіз

2023 жылы Алматы қаласының Жетісу ауданында 10 жерасты және 5 жерүсті өткелі жөндеуден өткізіледі, деп хабарлайды Аlmaty.tv.

Қалалық мобильділік басқармасы 2023 жылы ұзындығы 21,4 км болатын 17 көшенің жолына  орташа жөндеу жүргізді. Сонымен қатар ұзындығы 6,7 км 11 мекенжайда тротуарлар салынып, жөнделді. Бұл туралы Жетісу ауданының әкімі Гүлнар Көкебаева Алматыдағы ӨКҚ айтты. 

2023 жылы ұзындығы 15 км, 23 көшеге, 2024 жылы ұзындығы 67,5 км 35 көшеге жөндеу жұмыстарын аяқтау жоспарлануда. 

 - 2023 жылы 10 жерасты жаяу жүргіншілер өткеліне жөндеу жүргізілді. Тротуарлар мен тактильді плиталар ішінара ауыстырылды, төбелерге софиттер, вандалға қарсы жарықтандыру құрылғылары, музыкалық жабдықтар және бейнебақылау жүйесі орнатылды. Сондай-ақ әкімдік Солтүстік айналымдағы 5 жерүсті өткеліне ағымдағы жөндеу жүргізді. Металл конструкцияларын сырлау, бейнебақылау камераларын орнату және жарықтандыру жұмыстары жүргізілді, - деді Жетісу ауданының әкімі Гүлнар Көкебаева.

Сондай-ақ  аудан әкімінің айтуынша, 2023 жылы кейбір функциялар аудандық әкімдіктерге берілгеннен кейін ұзындығы 150 км 95 көшеде инженерлік желі салу бойынша жобалар іске асырылуда. 2023 жылы жылы ұзындығы 15 болатын 23 көшеде, 2024 жылы ұзындығы 67,5 км болатын 35 көшеде жөндеу жұмыстарын аяқтау жоспарлануда.

Оқи отырыңыз: Жетісу ауданында неше шақырым ауыз су желісі жөндеуден өткізіледі

Новости партнеров