Павлодардағы дүкендерде нан өндірушілер ас атасын үстеме бағасыз сатуда

pavlodarnews.kz
pavlodarnews.kz
Қаладағы 28 әлеуметтік дүкенмен аталған нанды 75 теңгеден қымбатқа сатпау жөнінде меморандум жасалды
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Павлодардағы дүкендерде нан өндірушілер нанды 75 теңгеден қымбат бағаға сатпайтын павильондарын қояды, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

Бұл туралы Павлодар қаласы кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің сектор меңгерушісі Евгений Трусов мәлім етті.

«Қаламызда бірінші сорттағы ұннан жасалатын нанның бағасы өскендігі байқалады», - деді Евгений Трусов.

Қаладағы 28 әлеуметтік дүкенмен аталған нанды 75 теңгеден қымбатқа сатпау жөнінде меморандум жасалды. Сатып алушылары көп дүкендерде нан өндірушілері тікелей өздерінің павильондарын қоятын болады. Ол жерде нан үстеме бағасыз, яғни 75 теңгеден төмен бағаға сатылады. INMART, Small, Greenwich сияқты төмен бағалар дүкендерінде нан 65-75 теңге аралығында сатылуда. Алғашқы павильон бүгін «Алатау» дүкенінде ашылуда.

Жуық арада тағы 5-6 павильон пайда болады. Ал, қарапайым дүкендерде өтімді болып саналатын «Павлодар нан комбинатыны» нанының бағасы 90-92 теңге аралығында. Оған қоса, Евгений Трусов 7-18 наурыз аралығында қаламызда күріш, пияз және қырыққабаттың бағасы өскендігін атап өтті.

«Шаһардағы әлеуметтік дүкендерде әлеуметтік маңызы бар азық-түліктердің бағасына күн сайын мониторинг жасалады», - деді сектор меңгерушісі.

Монитроингқа сәйкес, күріштің бағасы келісіне 8 теңгеге (242-ден 250 теңге), қырыққабат – 10 теңгеге (175-тен 185 теңге), пияз – 9 теңгеге (102-ден 111 теңге) қымбаттағаны байқалды.

Бұның себебі, бұл азық-түліктер Оңтүстік өңірлерден жеткізіледі. Ауарайының қолайсыздығына байланысты жүк тасымалдаушы көліктердің кестесі бұзылды. Қарағанды, Жезқазғанда пияз, қырыққабат тиеген көліктер жолдың тайғақтығына, боранға байланысты тоқтап тұрды.

Алғашқы көліктер енді келе бастады. Екі күн ішінде баға қалыпқа келді. Мысалы, қырыққабат 300 теңгеден түсіп, «Арзандау» дүкенінде 200 теңгеге сатылуда. Пияз бағасы да түсіп келеді. Алайда, кейбір оңтүстік өңірде бүгін тағы ауа райына байланысты ескерту жарияланғандығы белгілі болды.

Сонымен қатар, Павлодар қаласында сары майдың (2 теңгеге), 1 санаттағы жұмыртқаның (3 теңгеге), ірі қара малдың еті (2 теңгеге) және тауық еті (14 теңгеге) арзандағандығы анықталды.

Айта кетейік, Павлодарда бағаның негізсіз өсуіне жол бермеу және тұрақтандыру мақсатында 30 әлеуметтік дүкендегі әлеуметтік маңызы бар өнімдердің бағасындағы бекітілген 10 пайыз үстеменің сақталуына мониторинг жүргізіледі. Оның 3-уі ауылдық жерде орналасқан.




Новости партнеров