|
11.12.2019 | 12:14
2072

«Айтылмаған сырлар бар»: Төреғали Төреәлі өзі туралы кітап жазбақ

Бұған қоса ол өзінің оқырмандары табылатынын да жасырмады

«Айтылмаған сырлар бар»: Төреғали Төреәлі өзі туралы кітап жазбақ stan.kz

Танымал әнші Төреғали Төреәлі алдағы уақытта кітап жазу ойында бар екендігін жеткізді, деп хабарлайды Stan.kz «Қызық таймс» бағдарламасына сілтеме жасап.

Төрағали өзінің айтары бар екендігін жеткізді. Сөзінше, ол көптен бері кітап бастап жазуды жоспарлап жүрген көрінеді. 

«Кітап жазу ойымда бар. Атын «Төреші» деп қоямын (қалжыңдап күлді). Мен енді осы уақытқа дейін елдің көз алдында өсіп келе жатырмын ғой. Жұрттың бәрі мен туралы барлық нәрседен хабардар. Алайда кейбір сындар, кейбір жағдайлар менің ойымда қалып, көп нүктемен бітіп, жауапсыз қалып жатқан кездер көп қой.  Одан кейін сұхбатқа келген кезде де адамның өзіне де айтқысы келмейтін сырлар болады. Сол себепті осылардың барлығын біріктіріп, бір кітапқа жазып шығарсам деп ойладым. Керек адамдар оқитын шығар, керек емесі өзіме қалады. Мүмкін өзімізден кейін өсіп келе жатқан жастарға оқулық та болып қалады», - деді Төреғали.

Бұған қоса ол өзінің оқырмандары табылатындығын да жасырмады. 

«Мүмкін айтыстағы шумақтарды кіргізермін ішіне. Дегенмен бұның барлығы сол сахнада 10 жылдық мерекелік кештің аясында кітап, фильм, концерт болсын жұртыма арналған тарту болсын», - деп қосты әнші.

Бұған дейін отандық стилист Төреғали Төреәлі бастаған «талғамсыз» жұлдыздарды атаған еді. 

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров

Janalyqtar tizbegi

След. →
Прямой эфир