Қырымбек Көшербаев ядролық сынақ құрбандарына арналған Монументке гүл шоқтарын қойды

Қырымбек Көшербаев ядролық сынақ құрбандарына арналған Монументке гүл шоқтарын қойды
Делегация құрамында Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова, Жазушылар одағының төрағасы Ұлықбек Есдәулет және басқа да азаматтар бар
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы Қырымбек Көшербаев бастаған делегация Семей полигонының жабылу күніне орай Шығыс Қазақстан облысында болып, Семей қаласындағы ядролық сынақтың құрбандарына арналған Монументке гүл шоқтарын қойды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Делегация құрамында Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова, Жазушылар одағының төрағасы Ұлықбек Есдәулет және басқа да азаматтар бар. Ядролық сынақтың құрбандарына арналған Монументке гүл шоқтарын қою рәсімінде Мемлекеттік хатшы жарты ғасырдан астам уақыт өткізіліп келген ядролық жарылыстарды толыққанды тоқтатып, полигонды жабу бұрынғы Кеңестер одағы басшылығының қарсылығына қарамастан Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың патриоттық, ұлтжанды тарихи шешімі семейліктердің ғана емес, бүкіл қазақ халқының, қазақстандықтардың, дүниежүзіндегі прогрессивті адамзаттың қолдауына ие болғанын атап өтті.

Новости партнеров