|
14.10.2020 | 12:15
1277

ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің ресми өкілі тағайындалды

Талғат Қанатұлы Уәли 1988 жылы ШҚО Тарбағатай ауданы Ақсуат ауылында дүниеге келген

ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің ресми өкілі тағайындалды baq.kz

Талғат Уәли ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің ресми өкілі болып тағайындалды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі BAQ.KZ-ке сілтеме жасап.

Талғат Қанатұлы Уәли 1988 жылы ШҚО Тарбағатай ауданы Ақсуат ауылында дүниеге келген.

2009 жылы «Қайнар» Семей университетін экономист мамандығы бойынша аяқтаған.

Еңбек жолын 2010 жылы Семей қалалық ТВК-6 телеарнасында журналист қызметінен бастаған. 2011 «Қазақстан» РТРК Семей филиалында редактор-жүргізуші, 2012 жылы «ЭРА» ЖШС "Жетінші арна" текекомпаниясының жаңалықтар қызметінде журналист болып жалғастырды.

2015 жылы «Хабар» Агенттігі» АҚ жаңалықтар қызметінде журналист болып жұмыс істеген.

2016 жылдан бастап «Atameken Business» мультимедиялық телеарнасының жаңалықтар қызметінде арнайы тілші, тележүргізуші және президенттік пул журналисі болып қызмет атқарды.

2019 жылы ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің ресми өкілі болған.

2020 жылы ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің баспасөз қызметінде еңбек еткен.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир