Ольгинка ауылының зейнеткері бақшасында алып өлшемдегі екі қияр өсіріп елді таңқалдырды. Көкөністің салмағы үш келіден асты, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі Рavlodarnews.kz-ке сілтеме жасап.
Павлодар ауданы Ольгинка ауылында «Үй жанындағы бақша» атты көрме-байқауы өтті. 84 жастағы ауыл тұрғыны Нина Кривич «Көкөніс» номинациясы бойынша жеңімпаз атанды.
Екі қиындың біреуінің салмағы – 1,8 килограмм, екіншісі – 1,4 келі.
– Бұл қияр маған қыс бойына жетеді! – деп әзілдейді зейнеткер.
«Менің учаскемдегі жеміс-жидек» номинациясы бойынша 87 жастағы Екатерина Крисанова жүлделі орынға ие болды. Қария қазылар алқасына бақшасында өскен 9 түрлі жемістен компот ұсынды.
Оқи отырыңыз: Павлодарлық ер адам туу куәлігін неге 40 жасында алды