Көліктің алдыңғы терезесін қараңғылауға рұқсат берілуі мүмкін

Almaty.tv
Almaty.tv

Бұл мәселені Мәжіліс депутаттары да көтеріп жүр

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары Марат Қожаев көліктің алдыңғы терезесін қараңғылауға рұқсат беруге қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Сенаттың жалпы отырысы аясында БАҚ өкілдері Марат Қожаевтан «Қытайда шығарылған көптеген автомобильдің алдыңғы терезесі қараңғыланған. Қазақстанда мұндай қараңғылауға рұқсат берілуі мүмкін бе?» деп сұраған еді.

Министрдің бірінші орынбасары бұл мәселе бүгін ғана көтеріп отырмағанын атап өтті.

«Қазіргі уақытта ІІМ алдыңғы терезені қараңғылауға тыйым салу тарихын зерделеп жатыр. Бұл мәселені Мәжіліс депутаттары да көтеріп жүр. Кедендік одақ регламенті бар. Онда алдыңғы терезе қаншалықты қараңғылануы тиіс екені жазылған. Бұл жол қозғалысы және Жол жүрісі ережесінің бұзылуы кезінде жүргізуші мен жолаушыны сәйкестендіруде қиындықтың болуына байланысты. Қазір құқықбұзушылықты тіркейтін жаңа техникалық құралдар шығып жатыр. Сондықтан мұның (алдыңғы терезені қараңғылауға рұқсат беру) қаншалық мүмкін екенін немесе жол қозғалысы, қоғамдық тәртіп қауіпсіздіген зиян тигізетіндігін зерделеп жатырмыз. Мәселе зерделеніп жатыр, таяу уақытта сарапшылық қорытындымызды сіздерге жеткіземіз», - деді Марат Қожаев.

Оқи отырыңыз: Қонаев қаласында атыс болып, бір жас жігіт қайтыс болды

Новости партнеров