19 желтоқсанда Қазақстанда әйелдерге арналған «Ұмай» ипотекасына тұрғындардан өтініш қабылдау басталды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Azattyq Ruhy-на сілтеме жасап.
Бұл жолғы науқанның басты ерекшелігі бастапқы жарна талап етілмейді.
Еске салайық, бағдарлама бойынша бұрын 15-50% аралығында бастапқы жарна төлеу қажет болатын.
Бағдарламаның өзге де шарттары:
Несие мөлшерлемесі – 13,2% (тұрғын үй заемына ауысқан кезде 3,5%-ға дейін төмендейді);
Несие мерзімі – 25 жылға дейін.
«Ұмай» тұрғын үй бағдарламасына Қазақстанның 18 жастан асқан әйелдері қатыса алады. Пәтерді Қазақстанның кез-келген қаласынан несиеге рәсімдеуге болады.
Еске салайық, «Ұмай» ипотекасының көмегімен жаңа не қолданыста болған тұрғын үйді сатып алуға, сондай-ақ, жөндеу жұмыстарына несие алуға болады.
«Ұмай» ипотекасы үй алу үшін 25 жылға дейінгі, ал үй жөндеу үшін 10 жылға дейінгі мерзімге беріледі.