ТЖМ комитетінің басшысы мен лауазымды тұлғаларын күзетпен ұстауға санкция берілді

elements.envato.com
elements.envato.com

Қазіргі кезде сотқа дейінгі тергеу жалғасып жатыр

Жаңалықтармен бөлісіңіз

ҚР ТЖМ Өртке қарсы қызмет комитетінің төрағасына, Шымкент қаласы мен Жетісу облысы ТЖД бастықтары қамауға алынды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«21 шілдеде Астана қаласының ауданаралық тергеу соты ҚР ТЖМ Өртке қарсы қызмет комитетінің төрағасына, Шымкент қаласы мен Жетісу облысы ТЖД бастықтарына қатысты «күзетпен ұстау» түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялады. Сотқа дейінгі тергеу жалғасуда», - деп атап өтті ведомство өкілдері.

Басқа да жемқорлық құқықбұзушылықтарға қатыстығы тексеріліп жатыр.

«Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес өзге де ақпарат жария етуге жатпайды. Конституцияның 77-бабы 3-тармағының 1-тармақшасына және Қылмыстық-процестік кодексінің 19-бабы 1-бөлігіне сәйкес, қылмыстық құқық бұзушылық жасаудағы кінәсі соттың заңды күшіне енген үкімімен белгіленгенге дейін әрбір адам кінәсіз деп есептеледі», - деп ескертеді мамандар.

Новости партнеров