Олар, міндетті баж салығы мен өзге де салықтық төлемге 18 миллион теңге бергісі келмеген
«Алтынкөл-жол» кедендік бекетінде контрабандалық жолмен тауар алып өтпек болғандар ұсталды. Бұл жолы шекарадан 72 миллион теңгенің заты тәркіленді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.
Алматы облысы кірістер департаментіндегі мамандар жүргізген экономикалық тексерістің нәтижесінде Кореядан Қырғыз еліне Қазақстан арқылы киім-кешек тасымалдамақ болған екен. Олар, міндетті баж салығы мен өзге де салықтық төлемге 18 миллион теңгеден астам ақша төлеуден жалтарғылары келген. Қазір тергеу жалғасуда.