Елімізде күннен қуат алатын жылыту батареялары өндірілуі мүмкін

Elektroservis-rostov.ru
Elektroservis-rostov.ru
Халық үшін тиімді жобаға «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры тікелей қаржылай қолдау көрсетпек
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Елімізде күннен қуат алатын электр стансалары көбейіп келеді. Мұндай стансалар барлық жағынан тиімді. Біріншіден, бюджетке инвистиция тартады екінші коммуналдық шығындарды 30-40 пайызға дейін азайтады. Аталған тақырып бүгін Біріккен ұлттар ұйымы ұйымдастырған семинар барысында талқыланды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Халық үшін тиімді жобаға «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры тікелей қаржылай қолдау көрсетпек. Қазіргі таңда осы бастама аясында 100 жоба қолдауға ие болып, олардың 36-сы іске асырылды. Олардың қатарында заманауи жарық диоттарын енгізу, қазандықтармен сорғы қондырғыларын модернизациялау бар. Бүгінгі шараға Қазақстанның түкпір-түкпірінен шағын және орта бизнес кәсіпкелері келіп, өз жобаларын ұсынды. Үздік деп танылғандар мемлекеттен қаржылық көмек алады.

«Бүгінде біздің қатысуымызбен үлкен жобалар іске асырылып жатыр. Соның бірі – еліміздің біраз бөлігінде салынған күннен қуат алатын электр станциясы. Бүгінгі жиналып отырған басты себебіміз – осындай жобаларды дамыту. Бізге қатты ұнаған жобалардың бірі - күннен қуат алатын жылыту батереяларын өндіру. Бұл үшін білікті мамандармен талдау жүргізіп, жоспар құрып жатырмыз», – деді БҰҰ-ның Қазақстандағы тұрақты даму бөлімінің басшысы Арман КӘШКІНБАЕВ.

Новости партнеров