Жарықтандырылмаған көшелер, аулаларды күрделі жөндеуден өткізу және тұрғындар үшін қауіпсіздікті қамтамассыз ету. Бостандық ауданының тұрғындары әкіммен кездесуде осындай өзекті мәселелердің шешілуін сұрады, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.
Алтай Ерғазыұлының мәлімдемесі бойынша биыл бұл мәселелердің біразы оң шешемін табады. Жыл соңына дейін аудандағы 120 аула күрделі жөндеуден өтеді. Сонымен қатар, 2022 жылға қарай пайдаланылмай тұрған гараждарды бұзуды жоспарлап отыр. Қазіргі таңда 250 аула мен 150 көшенің жарығы жоқ екені анықталды. Ол мәселе де жыл соңына дейін шешімін таппақ. Сондай-ақ тұрғындармен кездесуге Алматы қаласы әкімінің орынбасары Мұхит Әзірбаев қатысты. Басшылық тарап бостандықтардың сұрақтарын тыңдап, кейбірін сол жерде шешіп берді.
«Біздің көшеде қаңғыбастар өте көп. Кешкілік балаларымыз сабақтан келе жатқанда бірнәрсеге ұрынып қалама деп қорқамыз. Тұрғындар болып ақша жинап подьездімізге бейнекамералар орнаттық, сұрайын дегенім, бюджет қаражатынан бейнекамералар орнатылады ма?», – деді бір тұрғын.
«Ең бірінші бейнекамералар үлкен көшелер мен көпшілік көп жүретін жерлерге орнатылады. Ал, аула мен шағын көшелер содан кейінгі кезекте тұрады», – деді аудан әкімі.