Маңғыстау облысында бірнеше балабақшаға 100 млн теңгеден астам айыппұл салынды

elements.envato.com
elements.envato.com
Оларға қатысты Қылмыстық кодекстің 190-бабына сәйкес сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Маңғыстау облысы прокуратура органдары өңірдегі мектепке дейінгі білім беру ұйымдарын тексеріп жатыр. Бұл туралы облыстық прокуратураның баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty.tv.

Нәтижесінде санитарлық нормалар, өрт қауіпсіздігі, еңбек заңнамасы, білім беру және медициналық қызмет салаларында бұзушылықтар анықталды.

Қазіргі уақытта аяқталған тексерулер бойынша 600-ге жуық әкімшілік іс қозғалып, жалпы сомасы 100 млн теңгеден астам айыппұл салынды.

Сондай-ақ тексеру нәтижесімен 15 балабақшадан (3 мемлекеттік, 12 жекеменшік балабақша) 72,2 млн теңгеге мемлекетке залал келтіру дерегі анықталды.

Атап айтқанда, 12 жекеменшік балабақшада қатыспаған балалар үшін мемлекеттен негізсіз 47 млн теңге көлемінде қаражат алған.

Оларға қатысты Қылмыстық кодекстің 190-бабына сәйкес сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.

Бұдан бөлек, 3 мемлекеттік балабақша есепшілерінің 25 млн теңгені жымқыру дерегі анықталып, ҚК-тің 189-бабымен (жымқыру) 2 сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр.

Оқи отырыңыз: Денесінің 70 пайызы күйіп қалған жүкті әйел аман қалып, сау бала босанды

Новости партнеров