Алматының екі ауданында уақытша ыстық су болмайды

potokmedia.ru
potokmedia.ru
Компанияның мәліметінше, уақытша шектеулер су жылыту жабдықтары мен қазандықтарды жөндеу жұмысына байланысты енгізілген
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматы қаласының Наурызбай және Түрксіб ауданында орналасқан бірнеше көшеде ыстық су беру уақытша тоқтатылады, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

«Алматы жылу желілері» ЖШС хабарлауынша, Наурызбай және Түрксіб ауданында орналасқан бірқатар үй мен ғимаратта ыстық су бірнеше күнге тоқтатылады. 19 шілде мен 23 шілде аралығында мына көшелерде ыстық су болмайды:

- Остроумова – Дегдар – Красногорская; 21 шілде мен 9 тамыз аралығында:

- Райымбек – Әшімов – Абай – Карьерная; 21 шілде мен 17 тамыз аралығында:

- Гете – Майлин – Заславский – Новосибирская, -Лавренева – Дунентаев – Соболева – Зимняя - Сүйінбай – Бекмаханов.

21 шілде мен 18 тамыз аралығында: - Собинов – Монтажная – Поддубного – Беринг көшелерінде орналасқан үйлер мен ғимараттар ыстық судан ажыратылады.

Компанияның мәліметінше, уақытша шектеулер су жылыту жабдықтары мен қазандықтарды жөндеу жұмысына байланысты енгізілген.



Новости партнеров