Тараздағы төтенше жағдай: Назарбаев қаза тапқандардың отбасына көңіл айтты

sputniknews.kz
sputniknews.kz
Таразда төрт қабатты тұрғын үйде газ жарылып, соңғы мәлімет бойынша, 3 адам қаза тапты
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев Тараздағы төрт қабатты үйде болған жарылыстан қаза тапқан азаматтардың отбасына көңіл айтты.

«Бүгін таңертең Тараздағы тұрғын үйде газ жарылғаны туралы хабар алдым. Отбасыларына көңіл айтамын. Оқиға орнында үкімет мүшелері жұмыс істеп жатыр. Олар тиісті көмекті көрсетеді. Бұл іспен енді премьер-министр айналысуы керек пе? Бұл жағдайларға әрбір отбасы жауапты. Бұл қауіпті, газды ұқыпты қолдану керек», - деді Елбасы «Нұр Отан» партиясының съезінде.

Естеріңізге сала кетсек, бүгін таңертең Таразда төрт қабатты тұрғын үйде газ жарылып, соңғы мәлімет бойынша, 3 адам қаза тапты.

Кейін премьер-министрдің орынбасары Жеңіс Қасымбектің төрағалығымен арнайы комиссия құрылып, олар Тараз қаласына шұғыл аттанып кетті.


Новости партнеров