Президенттікке үміткерлер арасында теледебат болуы мүмкін - Дәурен Абаев

Фото Матрица.kz
Фото Матрица.kz
Министр сондай-ақ 9 мамырдағы интернеттің бұғатталуына қатысты да жауап берді
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Президенттік сайлауға түсетін кандидаттар арасында тікелей эфирде телепікірталас болуы мүмкін. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысынан кейін Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев айтты, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

«Білуімше, теледебат тікелей эфирде өтеді. Онда  кандидаттар бір-бірімен ашық пікір алмасады. Толығырақ кейіндеу  айтамыз», – деді ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен АБАЕВ.

Бұдан бөлек, Дәурен Абаев әлеуметтік желілерде әлдебір кандидатты насихаттау заңбұзушылыққа жатпайды деді. Оның айтуынша, заңнамада блогер деген ұғым жоқ, сондықтан Қазақстанның кез келген азаматы өзінің азаматтық позициясын білдіруге құқылы екен.

Министр сондай-ақ тоғызыншы мамыр күні интернет желісінің күн бойы бұғатталуына байланысты ресми мәлімдеме жасады.

«Құрметті әріптестер, Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі байланыс үшін жауап бермейді. Желінің бұғатталуына біздің еш қатысымыз жоқ. Сондықтан себебін нақты айта да алмаймын, бірақ провайдерлердің айтуынша, сол күні шынымен де техникалық ақаулар орын алса керек. Демек, бұл сауалды соларға қойған дұрыс. Тоғызыншы мамырда орын алған мәселе тоғызыншы маусымда қайталанбайды деген ойдамын. Оған дейін провайдерлер техникасын жөндеп, ретке келтіретін шығар», – деді министр.

Новости партнеров