|
21.12.2023 | 12:32
219

БҰҰ Бас ассамблеясы: Семейге қатысты қарар қабылдады

Өңірдің экономикалық өсуі мен орнықты дамуын қамтамасыз ету көзделеді

БҰҰ Бас ассамблеясы: Семейге қатысты қарар қабылдады Сурет: elements.envato.com

Біріккен Ұлттар Ұйымы Бас ассамблеясының жалпы отырысында Қазақстанның Семей өңірінде халықты оңалту, қоршаған ортаны қалпына келтіру және экономикалық дамыту мақсатындағы халықаралық ынтымақтастық және әрекетті үйлестіру туралы қарар бірауыздан қабылданды, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі inform.kz-ке сілтеме жасап.

- Бұл - БҰҰ Бас Ассамблеясының Семей өңіріне арналған 11-ші қарары. Оның алғашқысы 1997 жылы қабылданды. БҰҰ-ға мүше 85 мемлекет қарардың бірлескен авторлығына қосылды. Семей өңірі бойынша қабылданған қарар – халықтың, әсіресе жас балалар мен басқа да осал топтағы адамдардың өмірі мен денсаулығына ядролық сынақтардың ұзақмерзімді салдарына халықаралық қоғамдастық алаңдаушылығының көрнекті дәлелі, - делінген ҚР Сыртқы істер министрлігінің мәліметінде.

Құжатта Семей өңірі тұрғындарының қажеттілігін қанағаттандыру үшін ішкі ресурстар бөлудегі Қазақстан Үкіметінің маңызды рөлі туралы айтылған. Сондай-ақ қарар халықаралық қауымдастықты «Зардап шеккен халықты емдеу мен оларға қызмет көрсету үшін арнайы бағдарламалар мен жобаларды әзірлеуде және жүзеге асыруда, сондай-ақ Семей өңірінің экономикалық өсуі мен орнықты дамуын қамтамасыз ету бойынша күш-жігерде Қазақстанға көмек беруге» шақырады.

Оқи отырыңыз: Желтоқсанда қазақстандықтар қанша күн демалады

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир