|
18.06.2019 | 12:32
2183

Оралда тағы да қоқыс жәшіктері жаппай ұрлана бастады

Мұндай жағдай өткен жылы да болған екен

Орал қаласында осы күнге дейін 13 тұрмыстық қатты қалдықтар сақтайтын контейнерлер ұрланған, деп хабарлайды tengrinews.kz.

Қаладағы Құрманғазы көшесінің бойындағы №194 және №196 үйлердің тұрғындары бірнеше апта бойы аулада қоқыс контейнерлері жоқ екенін айтады.  

«Бұрын бізде қоқыс жинайтын контейнерлер болды. Аулада төрт контейнер болатын, олар ескі, бірақ іске жарайтын. Бірнеше апта бұрын біреу оларды алып тастады. Қоқысты қайда шығарарымызды білмей бас қатырып жүрміз, тұрғындар қоқысты ауланың кез келген жерінде тастап кетіп жатыр. Бұл қоқысты ешкім алып кетпейді, есесіне олар көбейіп жатыр. Балшық, қоқыс, пакеттер ұшып жатыр, ал аулада балалар ойнайды», - деді қала тұрғыны Александр. Қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы және тұрғын үй инспекциясы бөлімінің өкілдері осы ауладан ТҚҚ контейнерлері маусым айының басында ұрланғанын айтады.

«Осы күнге дейін 13 контейнер ұрланды. Оның төртеуі Құрманғазы көшесіндегі №194 және №196 үйлердің ауласынан ұрланған. Біз полицияға арыз бердік және қазіргі уақытта мамандар осы іспен айналысып жатыр. Бірақ қоқыс осы учаскеден дер кезінде шығарылады. Біз 450 жаңа контейнерге тапсырыс бердік, жақын арада олар орнатылады», - деді Орал қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы және тұрғын үй инспекциясы бөлімінің басшысы Мержан Нұртазиев.


Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир