Екібастұзда зиратты су басты (видео)

Осы зиратта жерленген тұрғындардың туыстары мәйіттер жер бетіне шығып кетуі мүмкін деп алаңдаулы
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Екібастұзда еріген су ескі зиратты шайып жатыр, деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Адамдардың айтуынша, бұл құбылыстың болып жатқанына бірінші жыл емес. Осы зиратта жерленген тұрғындардың туыстары мәйіттер жер бетіне шығып кетуі мүмкін деп алаңдаулы.

Сонымен қатар, мәйіт уы таралған судың қайда кететініне де алаңдап отыр.

Екібастұздың тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің өкілдері осы мәселе туралы хабардар екенін және қажетті шаралар қабылданып жатқанын мәлімдеді.

«Екі күн бойы суды екі ассенизатормен сорып жатырмыз. Бірақ су көп. Зираттың бір бөлігі төменгі жағында орналасқан. Барлық еріген су осында ағады. Бұл жерде жер асты сулары да жер бетіне шығып кетуі де мүмкін», - деп түсіндірді ТКШ бөлімінің басшысы Қанат Мускенов.

Оның айтуынша, сорылған суды кәріз люктеріне ағызатын болады. Қыста зираттағы қар тазаланбаған, өйткені құралдар тек жолдарды тазалауға жұмсалады екен.  Сондай-ақ, қала тұрғындары зират аумағын тазаланбайтынына шағымданды. Бөлім басшысы оны енді тазалай бастағанын атап өтті.

Тендер екі апта бұрын өткізілді және жаңа мердігер өз міндеттеріне енді кірісті. Биыл Қанат Мускеновтің айтуынша, зираттың жағдайын жасауға 3 миллион 200 мың теңге бөлінген. Алайда тендерді өткізу барысында баға 1 теңгеге дейін төмендеген.

«Бұл қатарынан үш жыл бойы қайталанып келеді. Мердігер зиратқа кіру үшін бағаны 1 теңгеге дейін төмендетеді. Ал содан кейін бейітті қазу және күтіп ұстау бойынша ақылы қызмет көрсетеді», - деді ТКШ бөлімінің басшысы.

Қанат Мусенов қорым басын тазалау күніне орай қала тұрғындары туыстарының бейітіне бара алатынын айтып, уәде берді. Қазір коммуналдық қызметкерлер су басқан аймақта жұмыс істеп жатыр.


Новости партнеров