К дәруменінің тапшылығы қартаю процесін жылдамдатады деп хабарлайды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі KAZ.NUR.KZ-ке сілтеме жасап.
Бұл туралы М.Ф. Владимирский МОНИКИ тамақтану орталығы жетекшісінің орынбасары, медицина ғылымдарының кандидаты Инна Пичугина айтты. Оның сөзінше, К дәрумені аз болса, ағзада интерлейкин төмендеп, иммундық жүйе әлсірейді. Салдарынан қартаю процесі тез жүре бастайды. Диетолог К витамині майда ериді деп отыр. Ол ақуыз синтезі мен қан ұю жұмысына қатысады.
«Егер бір жерде қантамырлар зақымдалса, витамин қоюлатып, қан ағуын тоқтатады»,– деді маман.
Одан бөлек, бүйрек дұрыс жұмыс істеуі үшін де керек. Кальций мен Д витаминінің байланысы үшін де маңызды.
Демек, сүйек жүйесі мен байланыстыратын тіндерге қажет. Балалар қаңқасының дамуына, ал егде жастағы адамдарда остеопороздан қорғауға септеседі.
К витамині орамжапырақ, салат сынды негізінен жасыл түсті өнімдерде бар. Сондай-ақ бауырда да болады.