Қордай қақтығысы: Бердібек Сапарбаев Үкімет отырысында аудандағы жағдайды баяндады

Almaty.tv
Almaty.tv
Қазір барлық қираған, өртенген үйлер мен коммерциялық нысандар тексерілуде
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Қордай зардап шеккен 178 адам медициналық көмекке жүгінген. Олардың 19-ы тәртіп сақшысы. Жанжал салдарынан 10 адам мерт болды. Үкімет отырысында Жамбыл облысының жаңа әкімі Бердібек Сапарбаев аудандағы жағдайдың тұрақталғанын айтты, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

«Қайтыс болғандардың отбасыларына көмек көрсетілуде. Комиссия мүшелері Мемлекет басшысының атынан көңіл айтты. Ал Қордайдағы ауруханада 13, Алматыда 20 ақ халатты көмек көрсетуде. Бұл еліміздің ең үздік дәрігерлері. Қырғызстанда болған адамдарды Алматы мен Таразға алып келдік. Үш күнде көрші мемлекетке шығып кеткен болатын. Кешеден бері барлық мектептер, балабақшалар мен дүкендер қалыпты жағдайда жұмыс істей бастады», – деді Жамбыл облысының әкімі Бердібек САПАРБАЕВ.

Бердібек Сапарбаевтың сөзінше, аудан тұрғындарымен кездесуде оларға қандай көмек көрсетілетіні айтылған. Қазір барлық қираған, өртенген үйлер мен коммерциялық нысандар тексерілуде. Оларды қалыпқа келтіру үшін жергілікті кәсіпкерлер тартылатын болады. Бизнесмендермен жұмыс жүргізілуде. Олар қолдау көрсетуге сақадай сай. Жаңа әкім ақсақалдармен де жүздесіп, келешекте осындай жанжалдарды болдырмай мәселесі талқыға салынды.

Новости партнеров