|
11.02.2020 | 12:44
2601

Талдықорғанда бірқатар ұрлық жасағаны үшін ұсталған «жағажай» ұрысы жауапқа тартылды

Ескелді ауданының 32-жастағы тұрғынына қатысты сот шешімін қабылдады

Талдықорғанда бірқатар ұрлық жасағаны үшін ұсталған  «жағажай» ұрысы жауапқа тартылды depositphotos.com

21 қаңтар күні Алматы облысы Талдықорған қалалық соты Ескелді ауданының 32-жастағы тұрғынына қатысты сот шешімін қабылдады, деп хабарлайды Almaty.tv Алматы облысы ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Өткен жылдың шілде-тамыз айларында қалалық жағажайда және Қаратал өзенінің бойында демалушылардың жеке мүлкінің қолды болуының 3 дерегі тіркелген. Зардап шегушілердің киім-кешек салынған қаптары мен велосипед ұрланған болатын. Сондай-ақ, 7 қыркүйек күні облыс орталығындағы сән салондарының бірінде есік құлпы бұзылып, күдіктілер ішіндегі мүлкін қолды қылған.

«Аталған қылмыстарды ашуға бағытталған жедел-іздестіру шаралары барысында тәртіп сақшылары осы ұрлықтарға қатысы бар деген күдікпен А.П. Ганфу есімді азаматты ұстады. Күдіктіден қолды болған заттардың кейбірі табылып, тәркіленді. Сотқа дейінгі тергеу жүргізген полицейлер іс материалдарын сот қарауына жолдады»,- деп хабарлайды Алматы облысы ПД баспасөз қызметі.

Полиция таратқан ақпаратқа сәйкес, жымысқы әрекетін толығымен мойындағанын және материалдық шығындарды толығымен өтегенін ескере отырып, сот Алексадр Петрович Ганфуды ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабы 3-тармағына сәйкес кінәлі деп танып, пробациялық бақылау орнату арқылы бас бостандығын шектеу туралы шешім қабылдады. Сонымен қатар, ҚР Қылмыстық кодексінің 44-бабының 1-тармағына сәйкес сот жазасын өтеушіні жергілікті атқарушы органдар анықтаған орындарда жазасы аяқталғанға дейін жыл сайын 100 сағат мәжбүрлі еңбекке тарту жазасына да кескен.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир