Нұр-Сұлтанда ер адам жасөспірімді ұрып-соқты (видео)

Оқиға Күйші Дина көшесі, №37 үйдің ауласында болған
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Нұр-Сұлтанда ер адамның жасөспірімді ұрып-соққаны түсірілген видео пайда болды, деп хабарлайды Тengrinews.kz. Бұл туралы Алина Канасо есімді қолданушы Facebook желісіндегі «Астана, хочу похвалить/пожаловаться» тобында жазған.

Оқиға Күйші Дина көшесі, №37 үйдің ауласында болған. 

«Үйдің алдында төрт жасөспірім отырған, олар ешкімге тиіспеген де, сөйлемеген де. Құрбымның айтуынша, олар бұл аулаға жиі келіп тұрады. Қатты шуламайды, ішпейді, арттарынан қоқыстарын қалдырып кетпейді. Сол күні олар (балаларды ұрып-соққан ) ер адамның бақшасын қиратқан отбасы тұратын үйдің маңында отырған еді. Ер адам сол үйдің баласы деп, біреуін ұрып-соққан болар. Шынымды айтсам, видеоны қарауға қорқамын. Бір сәтте баланың омыртқасы сына ма деп ойладым», - деп жазған Алина Канасо.

Айтуынша, ер адам мен жасөспірімдер арасында ешқандай әңгіме, дау болмаған. Елордалық полиция департаментінің өкілдері бұл жағдайға қатысты тексерістің басталғанын хабарлады.

«Видеодағы адамдардың бірінің аты-жөні белгілі болды, қалғандары анықталып жатыр. Тексеріс қорытындысы бойынша төбелеске қатысқандардың әрекетіне құқықтық баға беріліп, процессуалдық шешім қабылданады», - деді Нұр-Сұлтан қалалық Полиция департаментіндегілер.

Новости партнеров