|
13.04.2021 | 12:39
1635

Алматыда тауға шығуға тыйым салынды

Қазгидромет ауа райы болжамына сәйкес 13 сәуірде республиканың басым бөлігіне антициклон жотасының ықпал етуіне байланысты жауын-шашынсыз ауа райы сақталады

Алматыда тауға шығуға тыйым салынды

Алматыда қар көшкіні жүру қаупіне байланысты тау бөктеріне шығуға тыйым салынады, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Бұл туралы қалалық Төтенше жағдайлар департаменті мәлімдеді.

Департамент таратқан мәліметке қарағанда, жылымық кезде жауын-шашынның мол түсуіне және қар жамылғысының тұрақсыздығы мен биіктігінің жоғары болуына байланысты Үлкен және Кіші Алматы су алаптарында 13-16 сәуір аралығында қар көшкіні қаупі сақталады. «Көшкін жүру қаупі ықтимал болуына байланысты, қарлы тік жартастарға шығуға болмайды. Тауда абай болыңыздар» делінген ведомстваның хабарламасында. 

Қазгидромет ауа райы болжамына сәйкес 13 сәуірде республиканың басым бөлігіне антициклон жотасының ықпал етуіне байланысты жауын-шашынсыз ауа райы сақталады.

Тек оңтүстік және солтүстік-шығыс аймақтарда атмосфералық фронталды бөліктердің өтуіне байланысты кей жерлерде жауын-шашын (қар, жаңбыр) күтіледі. Кей жерлерде тұман, желдің күшеюі күтіледі, оңтүстікте найзағай, бұршақ болады.


Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир