Ең көп өлім жағдайы тіркелген облыстар қандай

elements.envato.com
elements.envato.com
Өткен жылмен салыстырғанда елімізде адам өлімі 2,5 пайызға азайды
Жаңалықтармен бөлісіңіз

2020 жылдың алғашқы жартыжылдығында Қазақстанның қай өңірінде адам өлімі жиі тіркелгені белгілі болды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.

Өткен жылмен салыстырғанда елімізде адам өлімі 2,5 пайызға азайды.

Мәліметтерді Статистика комитетінің сарапшылары келтіреді. 2020 жылдың бірінші жартыжылдығында 65 мың адам қайтыс болған. Бұл өткен жылдың бірінші жартыжылдығымен салыстырғанда 2,5 пайызға аз. Қайтыс болғандардың басым бөлігі қалалықтар - 39,5 мың адам, ауылдықтардың үлесі - 25,4 мың адам.

«Басқа өңірлермен салыстырғанда Шығыс Қазақстан облысында адам өлімі жиі тіркелген: 6,9 мың адам. Екінші орында Алматы облысы: 6,8 мың адам, үшінші орында Қарағанды облысы: 6,5 мың адам қайтыс болған», – дейді сарапшылар.

Өлімнің негізгі себебі - қатерлі ісік, қан айналымы жүйесі, тыныс алу аурулары. Тұмау, жедел респираторлы аурулар және пневмониядан адам өлімінің 2,1 мың дерегі тіркелген. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 3 пайызға аз.

Новости партнеров