2019 жылдың мамыр айының күнтізбесіне өзгеріс енгізілді

2019 жылдың мамыр айының күнтізбесіне өзгеріс енгізілді
Мамыр айында қазақстандықтар 11 күн демалады
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Үкіметтің 2018 жылдың 26 желтоқсанындағы қаулысына сәйкес мамыр айының демалыстар күнтізбесіне өзгерту енгізді.  

«2015 жылдың 23 қарашасынан күшіне енген Еңбек кодексінің 85-бабы 3-тармағына сәйкес, Қазақстан үкіметі 2019 жылдың 4 мамыры – сенбі күнгі демалысты 2019 жылдың 10 мамырына ауыстыруға қаулы шығарды», — делінген еліміздің нормативтік-құқықтық актілерінің Ақпараттық-құқықтық жүйесінің сайтында жарияланған құжатта.

Осылайша Жеңіс күні – 9 мамырдан бастап қатарынан төрт күн (9-12 мамыр) демалыс беріледі, 2019 жылдың 4 мамыры, сенбі – жұмыс күні.  

Сондай-ақ қазақстандықтар  1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күні (сәрсенбі) мен 7 мамыр – Отан қорғаушы күнінде (сейсенбі) қосымша демалыс алады.

2019 жылдың мамыр айында қазақстандықтар 11 күн демалады. 


Новости партнеров