Сейсмологиялық бақылаулар және зерттеулер ұлттық ғылыми орталығының басшысы Дәулет Сәрсенбаев аймақтағы сейсмикалық жағдайға баға беруге болатынын, бірақ ол абсолютті болмайтынын айтты, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі seismology.kz-ке сілтеме жасап.
Бұл туралы ол Алматыдағы сейсмикалық жағдайға байланысты шұғыл баспасөз мәслихатында мәлімдеді.
- Әлемде ешкім болашақ жер сілкінісінің орны, күші немесе эпицентрі туралы 100% болжам жасай алмайды. Бұл мәселемен әлемнің барлық ғалымы айналысып жатыр. Біздің сейсмикалық жағдайды бағалау жөніндегі комиссия біз 24/7 алған деректерге негізделген, ықтималдығы 0,7, яғни 70% болатын қорытынды береді,- деді Дәулет Сәрсенбаев.
Сонымен қатар ол Алматыда жағдай тұрақты және азаматтарға қауіп төніп тұрған жоқ деп мәлімдеді.
Оқи отырыңыз: Жағдай тұрақты, қауіп жоқ: сейсмолог Алматыдағы жер сілкінісі туралы айтты