|
03.05.2019 | 12:46
2767

Мәскеуде терезеден құлап көз жұмған Томирис Байсафаның анасы елді жылатты

Бойжеткен университет терезесінен құлап кеткен болатын

Мәскеуде терезеден құлап көз жұмған Томирис Байсафаның анасы елді жылатты

Мәскеуде оқып жүргенде төртінші қабаттан құлап, қайтыс болған Томирис Байсафаның анасы Жанна Ахметова Instagram желісінде қызы туралы жазба қалдырып, елді жылатты. Бойжеткеннің өмірден өткеніне бүгін бір жыл болды, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

«Міне бір жыл да өтті. Томпиде бәрі Жаратушымен байланысты. Өткен жылы оның 40 күндігі Айттың бірінші күнімен тұспа-тұс келген болатын. Осы жылы ол қасиетті Рамазан айы мен оразаның есігін ашқалы тұр.

Періштем менің! Өмірім менің! Менің ауам! Менің өмірімде болғаның үшін саған рахмет! Мені таңдағаның үшін рахмет! Сен кез келген ананың мақтанышысың! Мен үшін ұшып келгеніңе және 21 жыл жаныңда болуыма рұқсат еткеніңе рахмет! Сенің әрбір сөзің, әлемдегі ең әдемі күлкің, иісің, шашың, дауысың, алғашқы қадамдарың және басқалары да есімде. Сені өте қатты сағындым.

Ол жақта тыныш ұша бер. Мен әрдайым сенің командаңмын. Ал команда ешқашан сатқындық жасамайды. Мен әрдайым сенімен біргемін. Мен әрдайым күтемін. Сенің жол таба алатыныңды білемін», - деп жазды Жанна Ахметова.

Жан ауыртар жазбаны оқыған желідегілер көзіне жас алып, қайғыдан қан жұтқан анаға басу айтты.

Естеріңізге сала кетейік, 2018 жылдың 13 сәуірі күні Томирис Байсафа университет терезесінен құлап, үшінші мамыр күні емханада көз жұмған болатын.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Вот прошел год . 03.05.2019. У Томпи все связано со Всевышним. В прошлом году ее 40 дней-первый день Айта. В этом она открывает священный месяц Рамадан и Оразу. Ангел мой. Жизнь моя. Воздух мой. Я Благодарю тебя, за тебя в моей жизни. Спасибо что ты выбрала меня. Ты гордость любой матери. Спасибо что прилетела ко мне и позволила быть с тобой 21 год. Я помню каждое словечко, твой заразительный и самый прекрасный в мире смех, твой запах, твои волосы, твой голосочек, твои движения руками, твои первые шажки и не первые тоже... Я все помню. И очень скучаю. Очень. . . Летай там спокойно. Я всегда твоя команда. А команда не предаст. Я всегда с тобой. Я всегда жду. Я знаю ты найдешь путь... #москва#мгимо#нурсултан#астана#алматы

Публикация от Жанна Ахметова (@_ahmetova_zhanna_)2 Май 2019 в 9:01 PD

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир