|
15.02.2021 | 12:49
1305

Қатонқарағайда қызыл үкіметтің клубына айналған ескі шіркеу қайта қалпына келтіріледі

Қазірдің өзінде 150 текше метр қарағай қиылып дайындалып қойған

Қатонқарағайда қызыл үкіметтің клубына айналған ескі шіркеу қайта қалпына келтіріледі altaynews.kz

Қатонқарағай ауылындағы ескі шіркеу толық реставрациядан өтіп, қайта қалпына келтіріледі, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Алтайньюске сілтеме жасап.

Ауданды дамыту қорының атқарушы директоры Серік Жүнісовтің айтуынша, тарихи ғимаратты жөндеуге 150 млн теңге жұмсалады.  Қазірдің өзінде 150 текше метр қарағай қиылып дайындалып қойған.

«Шіркеу құлшылық орыны емес, тарихи құндылығы бар ғимарат, былайша айтқанда музей ретінде қызмет атқаратын болады. Мысалы, Татарстанның Қазан қаласында дәл осы сияқты ғасырлар сынынан өткен ағаш шіркеулер бар. Ол жерлердің табалдырығы туристерден босамайды. Катондағы шіркеуді жөндеудегі де мақсатымыз осы – туризм», – дейді Серік Жүнісов.

Естеріңізге сала кетейік, Қатонқарағайдағы Покров шіркеуі 1882 жылы тұрғызылып, 1930 жылға дейін жұмыс істеп тұрған, кейін қызыл үкіметтің клубына, одан кейін мектеп ғимаратына айналды.

Бертін келе жаңа мектептер салынған соң ағаш үй иесіз қалған. Жергілікті тұрғындар, «бәлесі жұғады», «қасиеті атады» деген ырыммен шіркеудің маңына да жоламайды.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир