|
07.12.2019 | 12:50
3035

"Әйеліме беріңіздер": жауынгердің 75 жыл бұрын жазған хаты табылды (фото)

Хатты Ресейдің Ленинград облысындағы еріктілер тапқан. Ол жауынгердің медальонында сақталған екен

"Әйеліме беріңіздер": жауынгердің 75 жыл бұрын жазған хаты табылды (фото) Сергей Мелконов

Ресейлік ерікті Ольга Стружанова Ұлы Отан соғысы жауынгерінің хатын тапты, деп хабарлайды Sputnik қазақ радиосына сілтеме жасап. 

Забабурин Иванның хаты радиоэфирде оқылды.

"Менің әйеліме беріңіздер. ҚазКСР, Арал теңізі қаласы. Пушкин көшесі, 4-үй,  Забабурина Анастасия Леонтьевна", - деп жазылған хатта.

Қазір радио тілшілері жауынгердің туыстарын іздестіруде. Нәтижесі де жоқ емес. Забабурин тегі бар адамдар Шымкент қаласынан табылған.

Еске сала кетсек, Ұлы Отан соғысына Қазақстаннан 1,2 миллион адам қатысты. Бұл халық санының 20 проценті.

Кеңес Одағының батырын атағын 528 қазақстандық алды. 110 мың адам Даңқ орденімен марапатталды. Талғат Бигелдинов, Сергей Луганский, Леонид Беда мен Иван Павлов екі мәрте Кеңес Одағының батыры атанды.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир