Елімізде 21 жасқа толмағандарға энергетикалық сусын сатуға тыйым салынуы мүмкін

Фотоколлаж: Azattyq Rýhy/ Әбілқасым Есентаев
Фотоколлаж: Azattyq Rýhy/ Әбілқасым Есентаев
Ажар Ғиният жасөспірімдер арасындар вейп пен энергетикалық сусынды азайтудың жолдарын атап өтті
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Елімізде 21 жасқа толмағандарға энергетикалық сусын сатуға тыйым салынуы мүмкін. Мұндай норма Мәжілісте қаралып жатыр, деп хабарлайды Almaty.tv.

Бұдан бөлек, енді қоқысты тыйым салған жерге тастағандардың көлігі тәркіленуі мүмкін. Ішікі істер министрлігі осындай норма енгізбек.

Вейптермен қоса, энергетикалық сусындарға да тыйым салынбақшы. Түрлі түсті құтыда сатылатын тәтті сұйықтықтарды енді 21 жасқа толмасаң, сатып ала алмайсың. Мәжіліс депутаттары осындай норманы қарап жатыр. Ал Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғинияттың айтуынша, жеткіншектердің 17 пайыздан астамы тәтті сусындарды пайдаланады. Тіпті күнделікті ішетін балалар да бар екен.  

– 21 жасқа дейінгі балаларға энергетикалық сусындарды сатпау жөнінде норма қарастырылып жатыр. Денсаулық сақтау министрлігі норманы қолдап отырмыз. Сусындар жастардың, балалардың денсаулығына кері әсерін тигізеді, – деді ҚР Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният.

Министрдің айтуынша, тыйым қажеттіліктен туып отыр. Балалардың 20 пайызы ауыр салмақтан, ал 6 пайызы семіздіктен зардап шегіп отыр.

Сондай-ақ Үкімет отырысында қоршаған ортаны қорғау мәселесі қаралды. Нақты айтқанда, рұқсат етілмеген жерге қоқыс төккендерге салынатын айыппұл көлемі артатыны айтылды. Экология министрлігі полицейлермен бірігіп, ұсынысты пысықтап жатыр. Ведомство басшысы Ерлан Нысанбаевтың айтуынша, жергілікті билік қоқысқа қатысты нақты ақпарат бермейді.  

– Әкімдіктерге инфрақұрылымдық қажеттілік бойынша сұрау жіберілген. Алайда барлық әкімдік сапалы мәлімет ұсынбады. Қолда бар мәліметтерге талдау жасай отырып, шамамен 38 млрд теңгеге қалдықтарды сұрыптау, қайта өңдеу және кәдеге жарату ісіне қатысты 3 жобадан тұратын пул дайындалды, – деді Экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев

Премьер-министр Әлихан Смайылов көшеге қоқыс тастау әдетке айналғанын атап өтті. Сондықтан әкімдіктерге 1 қарашаға дейін коммуналдық қалдықтарды басқару бағдарламасын бекітуді тапсырды. Сондай-ақ жергілікті билік жылдың соңына дейін заңсыз қоқыс үйінділерінің санын 2 есеге қысқартуы тиіс.

Өмір Серікбекұлы, Данияр Омар, Дастан Темірбекұлы, «Алматы» телеарнасы, Астана

Оқи отырыңыз: Бала баспалдақтан құлады: жедел жәрдем көлігі неге кешікті

Новости партнеров