Сара Назарбаева даму институтын ашатынын мәлімдеді

tumba.kz
tumba.kz
Үміт үйлері тағдыр тәлкегіне тап болған жас аналарға теңдесіз қолдау болды
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Сара Назарбаева Қазақстанда адамның үйлесімді дамуы институтын ашады, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі qamshy.kz сайтына сілтеме жасап.

Басылым мәліметінше, Сара Алпысқызының қоғамдық бастамаларын талқылауға арналған онлайн-конференцияда адамның үйлесімді дамуы ұлттық институты ашылатыны айтылған. Бұл институт жастардың тұлға ретінде қалыптасуына қолдау көрсету мақсатында ашылмақ.

«Үміт үйлері тағдыр тәлкегіне тап болған жас аналарға теңдесіз қолдау болды. Жоба елімізде тастанды бала болмауын мақсат қылып қойды. Бұл үйлерде баланы уақытша қалдыруға болады. Әрі ана сәбиін қалаған кезде көре алады. Ал аяғынан тұрғанда оны алып кетеді. Елімізде осындай үйлер барын көпшілікке жеткізуіміз керек. Әрі бұл жоба тиісті бағасын алса екен», – деді мемлекет және қоғам қайраткері Зағипа Балиева.

Онлайн-конференцияда Назарбаеваның 12 ақпан күні 80 жасқа толатыны айтылды. 

Сондай-ақ қатысушылар оның «Өзін-өзі тану» идеясы, «Бөбек» қайырымдылық қоры, «SOS Қазақстан балалар ауылдары» қоры секілді жобаларына тоқталып, жетістіктіктерін айтты.

Новости партнеров