Бүгін – Мемлекеттік рәміздер күні

коллаж  Almaty.tv
коллаж Almaty.tv
Биыл мемлекетіміздің символдарына 31 жыл толды
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Бүгін – Мемлекеттік рәміздер күні. Биыл мемлекетіміздің символдарына 31 жыл толды, деп хабарлайды Almaty.tv.

1992 жылдың басында мемлекеттік үш нышан - Ту, Елтаңба және Әнұранымызды таңдау үшін Жоғарғы кеңес президиумы жұмыс тобын құрып, арнаулы шығармашылық комиссия тағайындады.

Оның құрамына Салық Зиманов, Ербол Шәймерденов, Серікболсын Әбділдин, Серік Әбдрахманов және тағы басқа қайраткерлер кірді. Бұдан соң бүкіл Қазақстан көлемінде Елтаңба, Ту, Әнұран нұсқасына конкурс жарияланды.

inbusiness.kz

Бір ғана тудың өзіне 600 адамнан 1 200 нұсқа түссе, Елтаңбаның 245 жобасы, әнұранның 750 үлгісі байқауға қатысты.

Эстетикалық сипатымен де, тарихи, саяси, экономикалық символизмге сәйкес келуі бойынша да үздік туынды ұсынған байқау жеңімпаздарын қазір халық мемлекеттік нышан авторлары ретінде таниды.

Олар: Ту авторы - Шәкен Ниязбеков. Елтаңба авторлары - Жандарбек Мәлібеков пен Шот-Аман Уәлиханов.

kz.sputniknews.ru

Оқи отырыңыз: Алматыда ҚР мемлекеттік рәміздері күні қандай іс-шара өтеді

Новости партнеров