Жасұлан Бостандықұлы: Адами капитал сапасы адам денсаулығы жақсы болған жағдайда өседі

Жасұлан Бостандықұлы: Адами капитал сапасы адам денсаулығы жақсы болған жағдайда өседі
Қазір әлемдік ахуал – пандемия жағдайы біздің дәрігерлердің қаншалықты маңызды адам екенін көрсетті
Жаңалықтармен бөлісіңіз


25 маусымда ҚР Президентінің жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаевтың қатысуымен «Мемлекет басшысының тапсырмалары аясында Алматы қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы» тақырыбында баспасөз конференциясы өтті. «Алматы Студенттер Альянсы»  ҚФ басшысы Жасұлан Бостандықұлы брифингті тікелей эфирде көріп, Алматы қаласы әкімдігі тарапынан көрсетіліп жатқан әлеуметтік көмекке тоқталды, деп хабарлайды Almaty.tv.


«Кеше ғана Алматы қаласының әкімі Бақытжан Әбдірұлының тікелей эфирде халық алдына шығып, өзіндік есеп беруі, сонымен қатар халық көкейіндегі көптеген сұрақтарға жауап беру брифингін көрдік. Бұл негізінен Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлының Халық үніне құлақ асатын мемлекет тұжырымдамасы негізінде жүзеге асырылды. Кеше бір ашық диалог алаңы болды. Елдің көкейінде жүрген сұрақтардың біршамасы қойылды. Бұл брифингті тікелей эфирде әлеуметтік желіде бақыладым. Айтылғандардың ішінде, Алматы қаласы әкімдігі тарапынан көрсетіліп жатқан әлеуметтік көмекке тоқталғым кеп тұр. Бізде қалада жасалып жатқан әлеуметтік көмектің барлығы тікелей халықтың сұранысына, мұң-мұқтажына бағытталған. Оның ішінде, атап өтетін болсақ, тұрғындарға «үй сертификаттарын» табыстау «Бақытты отбасы» бағдарламасы негізінде халықтың осал топтарына, атап айтар болсақ, көп балалы отбасы, мүгедек жандар, жетім балаларға қайтарымсыз негізде 1 млн. теңге жарна беруі – бұл үлкен кезек күттірмес мәселе. Себебі бүгінде пәтер мәселесі кез келген Қазақстан азаматының өзекті мәселесінің бірі. Оған бастапқы жарна құю, ақша жинау деген сынды дүниелердің барлығы қиындық тудырады. Ал осы тұсты әкімдік тарапынан беріліп отырған 1 млн. теңге халыққа өз кезегінде үлкен мүмкіндік беріп отыр. 

Брифингте қарастырылған тағы бір мәселе – жедел-жәрдем қызметкерлерін қолдау. Қазір әлемдік ахуал – пандемия жағдайы біздің дәрігерлердің қаншалықты маңызды адам екенін көрсетті. Бұл уақытқа дейін де дәрігерлерге баса көңіл бөлініп келді, ал мына пандемия жағдайында біз дәрігерлерді одан сайын құрметтей түстік. Бұл кісілерге әртүрлі үстемақы мен марапаттау деген сынды дүниелердің барлығы – бұл дәрігерлер үшін қуантарлық жағдай. Себебі өздерінің маңызды тұлға екенін сезіну арқылы өз жұмыстарын одан әрі құлшына істейді. Көрсетіліп жатқан көмектер дәрігер статусының көтерілуіне септігін тигізеді. Бізде адами капитал сапасының негізгі көрсеткіштерінің бірі – бұл денсаулық сақтау саласы болып табылады. Яғни, адами капитал сапасы адамның денсаулығы жақсы болған жағдайда өседі. Осы тұрғыда әкімдік тарапынан көрсетіліп жатқан көмектер дәрігерлерді ынталандырады деп ойлаймын», – деді ол.

Новости партнеров