|
30.05.2019 | 13:25
10157

Алматылық тиіннің «тағдыры» не болады?

За год существования Белки вокруг площади Атакент сформировалось культурно-общественное пространство

Алматылық тиіннің «тағдыры» не болады?

Funk агенттігінің жетекшісі Майра Измайлова Атакенттегі әйгілі алып тиіннің сырт келбеті өзгеретінін айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Оның айтуына қарағанда, тиін аталмыш орынға қойылғалы бері «Атакент» аумағында айтарлықтай ауқымды қоғамдық-мәдени кеңістік қалыптасып қалған. Десе де, осы жылдың шілде айында тиін өзінің «тіршілігін тоқтатады».

Әйгілі арт-нысанды жаңа жоба - Ecobеlka күтіп тұр.

«Біздің команда керемет жоба ойлап тапты - бұл эко-арт жоба. Осы жазда тиіннің реновациясын іске асырамыз. Тиін қайталама шикізаттан жасалады», - дейді Майра Измайлова.

Ұйымдастырушылар тиінді пластик панельдермен қаптағалы отыр. Ол панельдер қайта өңделген пластиктерден жасалады.

«Тиіннің арқауында металл мен ағаштан жасалған тірек бар. Өзінің қызмет ету уақытын аяқтап қойған сабанды алып тастаймыз. Сыртқы қабыршақты ауыстырып, ескі арқауға жаңа материалдан жасалған панель ілінеді. Тиін ескі қалпында қалғанымен, заманға сай стиль бойынша экоматериалдардан тұратын болады», - дейді жобаны ұйымдастырушылар.

Еске сала кетейік, былтыр Алматы облысында сабан шөптен жасалған тиін пайда болғаны туралы жазған болатынбыз.

«Тиіннің құны миллиард теңге емес. Ғаламторда тараған ақпарат - жалған. Тиін - мемлекет пен Funk агенттігінің бірлесіп жүзеге асырған жобасы. Мемлекет тарапынан 15 миллион теңге қаржы жұмсалды, ал жобаның жалпы құны 23 миллион теңгені құрады», - деді Funk агенттігінің басшысы Майра Измайлова.


Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир