Алматы – Өскемен тасжолында автобус сынып, жолаушылар суықта тоңып қалған
Қоғамдық көлікте жүргізушілерді қосқанда 29 адам болған
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Алматы – Өскемен тасжолында автобус бұзылып, жолаушылары суықта тоңып қалған, деп хабарлайды Almaty.tv.
Қоғамдық көлікте жүргізушілерді қосқанда 29 адам болған. Температурасы -6 градусқа дейін төмендеп кеткен ауа райы жолаушыларды әбден әбігерге салыпты.
Автобустың қозғалтқышы істен шығып, жылыту жүйесі өшіп қалса керек. Бірақ жолда қалған адамдарға жол сақшылары дер кезінде көмек көрсетіп, жуық жердегі жатақханаға орналастырған. Ал автобус техникалық жөндеу орталығына жеткізілген.
«Халыққа көмек көрсеткені үшін Үржар ауданының полиция бөліміне көп алғысымызды айтамыз», – деді тұрғындар.
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
Қазақстандықтар қараша айында қалай демалады
03.11.2026 12:40
Алматыда 2-8 қараша аралығында ауа райы қандай болады
03.11.2026 08:11
Фатима Сұпығалиева дзюдодан жасөспірімдер Олимпиадасында топ жарды
03.11.2026 08:30