Алматыда оқушы қыз өзіне қол жұмсап көз жұмды
ашық дереккөз
Қайғылы оқиға 4 мамырға қараған түні Алматының Медеу ауданында болған
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Алматыда 2006 жылы туған қыз өз-өзіне қол жұмсады, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.
Алматы қалалық Полиция департаментінің мәліметінше, қайғылы оқиға 4 мамырға қараған түні Алматының Медеу ауданында болған.
«2006 жылы туған мектеп оқушысы өз үйінің ауласында асылып қалған. Сот-медициналық сараптама тағайындалды. Бұл факт Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексiнің 105 бабы бойынша тексеріліп жатыр», - деді Алматы қалалық полиция департаментінің ресми өкілі Салтанат Әзірбек.
ҚазАқпарат мәліметінше, ведомство өкілі оқиғаның себебі мен өзге де мән-жай анықталып жатқанын атап өтті.
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
Алматыда 21-27 қыркүйек аралығында ауа райы қандай болады
27.09.2026 13:00
2026 жылғы қазанда қазақстандықтар қалай демалады
27.09.2026 13:35
Алматыда Sadraddin-нің концертіне көрермендер қалай кіргізіледі
26.09.2026 17:11
Almaty Marathon-да экологиялық аймақ жұмыс істейді
26.09.2026 14:51