Солтүстік Қазақстан облысында 18 ауыл карантинге жабылды
ашық дереккөзден
184 мыңнан астам құс қырылған
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Солтүстік Қазақстан облысында 184 мыңнан астам құс қырылған, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі «Айқын» газетіне сілтеме жасап.
Құс тұмауымен күресу үшін арнайы іс-шаралар жоспары бекітiліп, жедел штаб жұмыс істейді.
«Бүгінгі күнге дейін өңірде 184 мың 342 құс қырылып қалған. Оның 15 мыңға жуығы үй құсы. Қырылған құстың қалғаны Бескөл құс фабрикасына тиесілі. Құстардың қырылу фактісі 40 елді мекенде тіркелді. 18 ауыл карантинге жабылды. Тағы 11-іне қатысты қаулы дайындалып жатыр», – делінген ақпаратта.
Індет анықталған елді мекендерден 20-25 шақырым аумақтағы үй құстарына екпе салынып жатыр. Осы күнге дейін 144 мың 338 құс вакцинацияланды.
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
Қазақстандықтар қараша айында қалай демалады
01.11.2026 14:14
Алматыда 2-8 қараша аралығында ауа райы қандай болады
01.11.2026 09:15
Эмоцияңызды бақылауда ұстаңыз: 31 қазанға арналған жұлдыз-жорамал
31.10.2026 09:54
Суды дұрыс ішу ережелері қандай
01.11.2026 16:36
Қарашада қай жұлдыз белгілерінің қаржылық жағдайы жақсарады
01.11.2026 12:33